«Қазақстан халқына» қорына он күн ішінде 42 млрд теңге түсті

Айнұр Шошаева

Eurasian Resources Group қорға 30 миллиард теңге аударатын болды

көрнекі фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың 16-25 қаңтары аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 65 703 қазақстандықтан 39,1 миллион теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендер 42,1 миллиард теңге аударды.

20-25 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:

  • «KAZ MINERALS AKTOGAY» (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ АҚТОҒАЙ) ЖШС - 6.2 млрд теңге;
  • «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ БОЗШАКӨЛ) ЖШС - 6.2 млрд теңге;
  • «KAZAKHMYS SMELTING» (КАЗАХМЫС СМЭЛТИНГ) ЖШС - 5 млрд теңге;
  • «Востокцветмет» ЖШС – 3.1 млрд теңге;
  • «СӘБИ» жеке қайырымдылық қоры  - 1 млрд теңге;
  • «Астана-Моторс» мотор компаниясы» ЖШС - 550 млн теңге;
  • «BI-DEVELOPMENT» ЖШС – 300 млн теңге;
  • «Сарыарқаавтопром» ЖШС– 250 млн теңге;
  • Ізбастин Мұхамед Теміртайұлы – 100 млн теңге;
  • «NAK Development» ЖШС - 100 млн теңге;
  • Махат Рашит Мұқарамұлы – 50 млн теңге.

Сондай-ақ кеше Eurasian Resources Group қорға 30 миллиард теңге аударатыны белгілі болды.

Қорға аударылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.