×

«Оператор РОП» басшысы мен бұрынғы Экология вице-министрі ұсталды

Олар елден қашпақ болды

 Халық үні 26.01.2022 | 11:15
коллаж: Halyq Uni

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев құрықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстады. Олар елден шығып кетпек болды.

Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

11 қаңтарда Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында автокөліктер үшін төленетін утилизация алымының мөлшерін қайта қарауды тапсырған еді. Нақтыласақ, үкіметке утилалымды және «Оператор РОП-тың» сол утилалымды иелік етуін тоқтату бойынша тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

«Бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет,» - деді Президент.

«ӨКМ операторы» ЖШС 2015 жылдың соңында үкімет қаулысымен құрылды. 2016 жылдан бүгінге дейін утилизация алымы түрінде компанияға 691,9 миллиард теңге түсті. Оның ішінде отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 миллиард теңге қайтарылса, экологиялық мәселелерді шешуге 102 миллиард теңге бөлінді. Ал 49,1 миллиард теңгесі салыққа төленді. Қазір екінші деңгейлі банктерде қалған қаржы – 220,6 миллиард теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама