Халықтың табысы артып жатыр – Үкімет басшысы

Дәурен Ерболат

Үкімет президент берген 207 тапсырманың 91-ін орындаған

фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 1,2 млн қызметкердің жалақысы кезең-кезеңімен артады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы президент берген тапрсырмалар орындалып жатқанын атап өтті.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, жылдың басында сіз жаңа Үкіметке халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құру, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту және тағы басқа тапсырма бердіңіз. Бүгінде сіз берген 207 тапсырманың 91-і орындалды. 116 тапсырманы орындап жатырмыз. Оның ішінде 28 тапсырманы орындауды жақында аяқтаймыз», - деді Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ ол халықтың табысын арттыруға бағытталған бағдарлама бекітіліп, жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

2022 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл 1,7 млн жалдамалы қызметкердің табысына оң әсерін тигізді. 2022 жылы әлеуметтік төлемдер екі рет индекстелді. Бұл 4,1 млн адамға әсерін тигізді, оның 2,2 млн-ы – зейнеткер. 1,2 млн қызметкердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүргізіліп жатыр. Биыл білім беру мен әлеуметтік салада жалақының өсуі – 25%, денсаулық сақтау саласында жалақы 20%-дан 30%-ға дейін өсті, - деді премьер-министр.