Қаңтар оқиғасы: азаптау бойынша 171 іс аяқталды

Ербол Тұрымбет

Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын

коллаж: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Одан бөлек, бизнесті қорғау мәселелері де талқыланды.

Еске салайық, 1 шілдеде Қазақстан сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа кеңесінің конвенциясына қосылуға шақырту алды.

«Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Т. Хакала.

Кездесуде қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу тақырыбы сөз болды.

Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасуда. Стамбул хаттамасының барлық талаптары сақталуда, - деді Олжас Бектенов.