Жаңа көлік алмақ болған елордалықтар алаяқтарға 7 млрд теңге аударған
Күдікке іліккен 3 адам қамауда отыр
Елорданың 400 тұрғыны су жаңа автокөлік аламыз деп жеке компанияға 7 млрд теңге аударған. Тіпті қолма-қол 60 млн теңге санап бергендері де бар. Алданып қалғандар кеше полиция ғимаратына баса-көктеп кірген.
Айтуларынша, олар осы уақытқа дейін істің қай дәрежеде жүріп жатқанын білмейді. Ал жергілікті полиция департаменті бұл іске қатысты тергеу аяқталғанын хабарлап, жәбірленушілердің іспен толық танысу керектігін жеткізді. Қазір күдікке іліккен 3 адам қамауда отыр екен. Оларға қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментімен Nur-Avtо.Kz қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Қазір іспен танысу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іспен танысып болған соң материал сотқа жолданады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Эльмира Шуленова.