Halyq Uni логотип
×

467 млн теңге: Атырауда мемлекет қаржысын жымғырған шенеуніктер үй қамағына алынды

Әлеуметтік нысандардың құрылысына жауапты ЖШС басшысы қамауға алынды

 Айнұр Асылбекқызы 11.07.2022 | 16:19
467 млн теңге: Атырауда мемлекет қаржысын жымғырған шенеуніктер үй қамағына алынды
фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі Атырау облысында әлеуметтік объектілердің - мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен Құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді аяқтап, іс сотқа жолданды. Агенттіктің хабарлауынша, 467 млн теңге көлемінде мемлекет қаржысы жымқырылған.

ЖШС басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.

Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салайық, 10 наурызда Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантөреев ұсталғаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанынан бері тергеу изоляторында отыр. Ол Атырауда 145 миллион теңгеге Абай ескерткішін 

дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама