Жамбыл облысында шенеуніктер 171 млн теңге жымқырған
«Жас маман» жобасына бөлінген қаражат қолды болды
Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.