Halyq Uni логотип
×

Биыл студенттердің шәкіртақасы өседі

Қазақстандық студенттердің стипендиясы тағы 20%-ға артады

 Халық үні 24.01.2022 | 16:00
Биыл студенттердің шәкіртақасы өседі
фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі. 

Атап өтсек, 2021 жылғы қыркүйекте бакалаврлар шәкіртақысының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты. Осылайша, 2021 жылғы қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрады.

«Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ға өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың стипендиясы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін артады», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама