Тасмағамбетовтың қызы мен күйеубаласы «Қазақстан халқына» қорына миллиард теңге аударады
Соңғы мәлімет бойынша «Қазақстан халқына» қорына 20 млрд теңгеге жуық қаражат жиналған
«Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушы – Кеңес Рақышев пен қызы Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» 1 миллиард теңге аударады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 млн теңге түсті. Заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлерден (75) 19,2 млрд теңге түскен.
«Қазақстан халқына» қоры Президент тапсырмасы аясында құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен азаматтар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:
- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, Kaspi Bank АҚ.