Қордың алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті
20 қаңтарда «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Отырыста қайырымдылық қоры қызметінің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды.
Қор қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматын айқындайды. Қордың электрондық порталы да болғаны дұрыс. Осы ретте «Қазақстан халқына» қоры қызметінің тұжырымдамасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.
Сонымен қатар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қызметкерлерді, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеу жайында пікірін білдірді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бұл тәжірибемен үзілді-кесілді келіспейтінін айтты.
Біз қазақстандықтарға үндеу жасаймыз және «Қазақстан халқына» қоры тек жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырымдылығын ұйымдастыратынын тағы да мәлімдейміз. Қорға үлесін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмектің мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз, - деді қамқоршылық кеңесінің мүшелері.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 млн теңге түсті. Заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлерден (75) 19,2 млрд теңге түскен.
«Қазақстан халқына» қоры Президент тапсырмасы аясында құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен азаматтар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады: