Halyq Uni логотип
×

Утилизация алымын әлемдік баламасына сай төмендету керек – депутат

Бүгінгі сенат отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев утилизация алымы мәселесін көтерді

 Ербол Тұрымбет 20.01.2022 | 12:00
Утилизация алымын әлемдік баламасына сай төмендету керек – депутат
коллаж: halyq-uni.kz

Сенатордың айтуынша, утилизация алымы енгізілгелі бері жеңіл автокөлік мөлшерлемелері 400 мыңнан 3,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Ал жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы көліктері үшін 14 миллион теңгеге дейін барады. 2019 жылы ауыл шаруашылығы техникаласына енгізілген утилалым ЕАЭС пен басқа да елдерден келетін техника бағасын күрт қымбаттатып жіберген. Сонымен бірге жергілікті көлік құрастыру зауыттары техникасының да бағасы өскен.

Ауыл шаруашылығы өкілдері үшін утилалым салықтың бір түріне айналған. Өйткені техниканы әкелгенде оның тіркеуіне ақша төлейді. Оған қоса, утилалымы бар. Бұл техниканың өз бағасының шамамен 25-30%-на тең. Орта есеппен алғанда, ол тракторлар үшін 11 милллион, комбайндар үшін 22 миллион теңгеге дейін барады. Бұл фермер үшін айтарлықтай салмақ.

Фермерлер үшін тағы бір мәселе, ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға өктізерде берілетін жеңілдік сертификатының көлемі. Егер жаңа комбайн бағасы орта есеппен 75-80 миллион теңге болса, утилалым 9 миллионға жетіп жығылады. Ал жеңілдік сертификатының көлемі 2-ақ миллион теңге немесе жаңа техника құнының 2,5% ғана. Мұндай жеңілдік сертификаттарының көлемін арттыру шаруаларды жаңа техника сатып алуға құлшындыра түседі. Сонымен бірге отандық ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыруға қарқын береді, – дейді ол.

Тәуелсіз автобизнес одағының мәліметінше, оператордың көлік утилизациясына төлеген ақшасы мен жеңілдік сертификатына бөлінген қаражаты – 59,4 миллиард теңге. Бұл бүкіл утилалым жинағының 10%-на да жетпейді. Соның салдарынан елдегі ауыл шаруашылығы техникаларының шамамен 80% тозған. Соған байланысты сенатор Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, ауылшаруашылығы техникаcы мен басқа да көлік түрлеріне қатысты утилалым мөлшерін әлемдік баламасына сай төмендету керек. Сонымен бірге, экологиялық импорттық ауыл шаруашылығы техникасына қатысты утилалымды алып тастап, қазақстандық баламасы жоқ жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасына кеден салығына уақытша мораторий жариялау қажет.

Бұған дейін утилизация алымының мөлшері ақпан айында бекітілетінін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама