×

Зейнетақы жинағын жеткілікті шексіз-ақ жеке компанияға аударуға болады

Тұрғын үй мен емделуге жұмсаудан айырмашылығы – ИПБ-ға аударылған ақшаның нысаналы мақсаты сақталады

 Еркеғали Болатұлы 30.06.2022 | 16:30
фото: Петр Карандашов

«БЖЗҚ» АҚ қазақстандықтарға зейнетақы жинағын жеткілікті шегіне қарамастан жеке компанияларға аударуға мүмкіндік беруді ұсынды.

Қор кеңесінің мүшелері салымшылар ауқымын кеңейту үшін ең төменгі жеткілікті шекпен шектелмей, инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) таңдау бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуді көздеп отыр.

«БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың айтуынша, бұл бастаманың зейнетақы жинағын тұрғын үй мен емделуге жұмсаудан айырмашылығыИПБ-ға аударылған ақша жүйеде қалады және олардың нысаналы мақсаты сақталады.

Осыған байланысты Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының алаңында зейнетақы жинағының бір бөлігін ең төменгі жеткілікті шекке байланыстырмай, ИПБ-ға аударуға болатындай етіп шарттарды өзгерту туралы ұсыныс қаралып жатыр.

Сонымен қатар БЖЗҚ релизінде «болашақта жеткілікті шектің мөлшерін есептеу зейнетақы аннуитеттерінің құнына негізделсе дұрыс болатыны» жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама