×

Заң бойынша зейнетке ерте шығуға болады – Тамара Дүйсенова

Министр зейнетақы мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда азайғанын атап өтті

 Дәурен Ерболат 30.06.2022 | 12:11
Тамара Дүйсенова, фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтар заңға сәйкес зейнетке ерте шыға алатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол зейнетақы жүйесіне қатысты бұрын да пікір білдіргенін жеткізді.

«Жалпы зейнетақы мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда азайып бара жатыр, себебі еңбек өтілі қысқа. Осыған байланысты біз базалық зейнетақының параметрлерін өзгерту бойынша есеп жүргізіп, ұсыныстар жасадық. Ол көтеріледі», - деді Тамара Дүйсенова Парламент палаталарының бірлескен отырысынан шыққан соң.

Министр қазақстандықтар заңға сәйкес зейнетке ерте шыға алатынын атап өтті.

Қолданыстағы заңға сәйкес зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Қазір ұстап қалу есебін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз. Ақшаны ұстап қалу азайғанын түсінетінін шығарсыз, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған премьер-министрдің орынбасары зейнет жасын төмендетуге қатысты жауап берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама