Алматыдағы аудиторлық тексеріс: 326 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды
Бұл - 2021 жылғы тексеріс нәтижесі
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің қорытындысы жарияланды.
Департамент 2021 жылы 68 мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шаралар жүргізді. Есептік деректерге 91 аудиторлық іс-шара материалдары енгізілді. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 177 676,6 млн теңгені құрады.
Жүргізілген аудиторлық тексеріс нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар сомасы 326 336,1 млн теңгені құрады. Оның ішінде қаржылық заң бұзушылықтар 5939,6 млн теңге, рәсімдік заң бұзушылықтар 275 962,1 млн теңге, рәсімдік заң бұзушылықтардың жалпы сомасынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу 44 434,3 млн теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 67 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.