Ол «Petrosun» ЖШС-дегі 49% үлесін береді
Тимур Құлыбаев мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтаратын болды. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, Тимур Құлыбаевтың «Petrosun» ЖШС мұнай компаниясындағы 49% үлесін мемлекет иелігіне қайтарады.
«Petrosun» ЖШС-ның 51% акциясы Қытайдың «SNPS» компаниясына тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанның жанар-жағармай көтерме сауда нарығының тең жартысы осы компания үлесінде.
Осыдан біраз уақыт бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды өз иелігіндегі «Қазақтелеком» компаниясының 29% пайыз акциясын мемлекетке қайтарған еді. Ол наурыз айында «Қазақтелеком» қаржысын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айыппен қамауға алынған.