Halyq Uni логотип
×

Таразда балабақша басшылары қызметкерлеріне жалақы төлей алмай отыр

Қаулыға әкім Нұржан Нұржігітовтің қол қоюға қарсы екенін естіген

 Еркеғали Болатұлы 28.06.2022 | 11:46
Таразда балабақша басшылары қызметкерлеріне жалақы төлей алмай отыр
фото: ашық дереккөз

Әкімдіктен бөлінетін субсидияның дер уағында берілмеуі Тараздағы жеке балабақша меңгерушілерінің ашуын туғызды. Үлестірілетін қаражаттың кешігуінен жағдайымыз қиындады деген балабақша басшылары облыс әкімдігінің алдында шу шығарды.

Айтуларынша, оларға облыс әкімінің маусымның 14-інде шешім шығарып беретіні уәде етілген. Бірақ кейін «сіздердің қаулыларыңыз әлі қаралған жоқ, күтіңіздер» деген жауап алған.

Жалпы, сәуірдің 15-інде конкурс өтіп, мемлекеттік тапсырысты алатын балабақша тізімдері жасақталған. Меңгерушілердің айтуларынша, көп ұзамай әкімдіктің қолдау қаражаты қолға түсуі керек болған. Бірақ ол 60 күннен бері әлі жоқ. «Соның кесірінен жағдайымыз қиындап, қызметкерлерге жалақы беруден қалдық» дегендер қаулыға әкім Нұржан Нұржігітовтің қол қоюға қарсы екенін естіген. Ал білім басқармасы бұл ақпаратты теріске шығарды.

Қазір қаулы шығару процедурасымен айналысудамыз. Бұл жерде облыс әкімі қол қоймай жатыр деген жалған ақпарат. Неге десеңіз, жұмысшы орган білім басқармасы болып табылады. Білім басқармасы жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізіп жатыр, - дейді Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов.

Оның айтуынша, қазір әзірленіп жатқан құжаттар жұмысы әлі бір айға созылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама