Пирамиданың жетекшілері 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарды еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салып, сол арқылы табыс табуға шақырған.
2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасы жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы 5 ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.
Агенттік қазақстандықтарға қырағы болуға және ақшаны күмәнді қаржы институттарына салмауға кеңес берді.