«Қазақфильм» активтерді тиімсіз басқарған
Есеп комитеті 2019 жылғы желтоқсанда жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдарының активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында «Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» АҚ-ның активтерді тиімсіз басқарғаны анықталды.
Осыған байланысты, «Казақфильм» АҚ-ға автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану немесе сату жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін АҚ аукциондық сауда-саттық жолымен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 12 көлік құралын сатты.