×

Петропавлда мемлекеттік аудитор тексерген мекемедегілердің есебінен түскі ас ішкен

Іс-сапарға бөлінген қаржыны тиімді пайдаланбаған

 Самат Жақып 23.06.2022 | 11:13
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында тексеру комиссиясының бас инспекторы – меклекеттік аудитор тексерген мекемедегілердің есебінен түскі ас ішкен. Мемлекеттік қызметшінің теріс қылығы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

СҚО-да Әдеп жөніндегі кеңесте Тексеру комиссиясының бас инспекторы - қаржы басқармасының мемлекеттік аудит және квазимемлекеттік сектор субъектілері бөлімінің мемлекеттік аудиторына қатысты тәртіптік іс қаралды. Қызметтік тергеу барысында Петропавлдан ауданға іс-сапармен барған Айбек Құрманғали өзінің лауазымдық өкілеттілігін жеке қажеттілігіне пайдаланғаны әшкере болды. Яғни мемлекеттік қызметші тексерген мекемедегілердің есебінен тегін тамақтанғаны анықталды. Мұнымен қоса ол іс-сапарға бөлінген қаржыны тиісті мақсатқа пайдаланбаған. 

«Айбек  Құрманғали Айыртау ауданында іс-сапарда жүргенде өзінің лауазымды өкілеттіктерін тексеруші ретінде асыра пайдаланған. Яғни, тексеру субъектісі есебінен тегін тамақтанған. Мұнымен қоса тұрғын үй жалдап, тәуліктік шығыстардың төленгеніне қарамастан, бөлінген қаражатты тиісті мақсатқа қолданбай өз үйіне барып тұрғаны белгілі болды», - деді Әдеп жөніндегі кеңесте Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ергелді Қайыргелді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Айбек Құрманғалиге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама