Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда «Яндекс.Такси» қызметіне қатысты тергеу басталды

«ЕТС-Тендер» тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты да тергеу жүріп жатыр

 Халық үні 18.01.2022 | 11:13
Қазақстанда «Яндекс.Такси» қызметіне қатысты тергеу басталды
фото: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин бүгінгі үкімет отырысында «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

БКО тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыға қатысты хабарламаларды орындамау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін тарта отырып, нарықтың 102 субъектісіне, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексеруді бастады. Агенттік жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша «Яндекс.Такси» агрегаторына қатысты қосымша тергеу тағайындады, - деді Жұманғарин.

Одан бөлек, хабарламаны орындамау фактісі бойынша «ЕТС-Тендер» тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты да тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама