×

Экс-депутат «Қазақстан халқына» қорына 5 млн теңге қаржы аударды

«Қазақстан халқына» қорына 12 млрд теңгеден аса қаржы жиналды

 Халық үні 18.01.2022 | 09:20
Нұртай Сабильянов, фото: ашық дереккөзден

Экс-депутат Нұртай Сабильянов алғашқылардың бірі болып президент тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқы» қорына 5 миллион теңге көлемінде қаржы аударды.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге  аударамын дегенім әлеуметтік желіде біраз  талқыланыпты. Айтарым, бұл кәсіпкерлікпен айналысып, тиісті салықты төлеп, тапқан табыстан көмек ретіндегі шын ниетім. Бүгін «Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аудардым, - деп жазды.

Еске салайық, Президент тапсырмасы аясында «Қазақстан халқына» қоры құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.

Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен азаматтар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:

  • «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
  • «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, Kaspi Bank АҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама