×

Мұғалімдер «Қазақстан халқына» қорына ақша аударуға міндетті емес - БҒМ

«Қазақстан халқына» қорына 12 млрд теңгеден аса қаржы жиналды

 Халық үні 17.01.2022 | 15:36
көрнекі фото: akorda.kz

Жуырда Президент тапсырмасы аясында «Қазақстан халқына» қоры құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.

17 қаңтардағы жағдай бойынша, «Қазақстан халқына» қорына еріктілер мен заңды тұлғалардан 12 млрд теңгеден аса қаражат жиналды.

Дегенмен әлеуметтік желілерде ұстаздарды қорға ақша аударуға міндеттеу туралы ақпарат тарап жатыр. Білім және ғылым министрлігі осыған байланысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, министрлікке қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға қаражат аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар, сұрақ туындамайды деп үміттенемін. Дегенмен мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар, – деді әлеуметтік желіде БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысады. Қорда жинақталған ақша сирек кездесетін ауруы бар балаларға көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама