Қоғамдық қорға ерікті ретінде 6519 қазақстандық ақша аударған
17 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына заңды тұлғалардан 12,36 миллиард теңге қаражат түскен.
Қор өкілдерінің айтуынша, Kaspi Bank және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге көлемінде қомақты үлес қосты. Сондай-ақ, «Халық» қайырымдылық қорынан 2 миллиард теңге түсті. Степногор тау-кен-химия комбинаты 350 млн теңге аударды.
Сонымен қатар, қоғамдық қорға ерікті ретінде 6519 қазақстандық ақша аударған. Қазір оның жалпы сомасы 10,1 миллион теңгеден асады.
Қор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есеппен жұмсалуы қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша «Қазақстан халқының игілігі үшін, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге» бағытталатыны айтылды.
Қор сирек кездесетін және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді, - деп толықтырды қор өкілі.
Еске салайық, Президент тапсырмасы аясында «Қазақстан халқына» қоры құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен азаматтар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады: