Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалар да құрықталды
Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Энергетика вице-министрі Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшылары мен Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады.
Жұмабай Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Бүгін Қарағаев ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылған болатын.
ЖҰМАБАЙ ҚАРАҒАЕВ
1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
И.М.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияны басқарды, Атырау облысы әкімдігінің құрылымында қызмет етті.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап — Энергетика вице-министрі.