×

ИИДМ кеншілер мен металлугтердің зейнет жасын төмендетуге қарсы емес

2025 жылы көміртек салығы 10 есе өседі

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2022 | 10:32
фото: vladtime.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі салада жұмыс істеу ауыр әрі денсаулыққа келтірер зияны көп екенін ескеріп, кеншілер мен металлургтердің зейнет жасын төмендетуді қолдап отыр.

Жалпы, қазір елімізде 230 мыңдай металлург бар екен. Өкінішке қарай, соңғы кездері олардың өндірістегі, әсіресе «АрселорМиттал Теміртау» кен орнындағы өлімі жиілеп кеткен.

Бүгінде Қазақстанның тау-кен өндірісінде ілгерілеу байқалады. Металл бағасы өскен. Соңғы 2 жылда мыстың құны 2 есе артып, тоннасы 9 500 доллар болып отыр. Бұл қарапайым жұмысшылардың табысын арттыруға бірден-бір себеп. Сондықтан министрлік биыл олардың жалақысы 20-дан 40 пайызға көбейді деп отыр.

Алайда 2025 жылы көміртек салығы 10 есе өседі. Компаниялардың осындай шығыны көбейген соң, жұмысшылардың табысын арттыру көлеңкеде қалуы мүмкін. Сондықтан олардың бейнетінің зейнетін ертерек көргені абзал.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама