Halyq Uni логотип
×

Алматыда «TheFiniko» қаржы пирамидасы әшкереленді

Шығын 1,8 млн АҚШ долларын және 630 млн теңгеден астам соманы құрады

 Динара Амантай 17.06.2022 | 09:44
Алматыда «TheFiniko» қаржы пирамидасы әшкереленді
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласында «Finiko» қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты 300-ден астам арыз түскен. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Алматы қ. бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп «The Finiko» қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Мекемеге қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құрады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «Thefiniko» симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатыр.

Сонымен бірге ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама