Несие төлемдерін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсетілген банк немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін өтінім беруі қажет
Микро, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап қарыз алушымен келісімшарт негізінде несие беруші ұйым айқындаған кезеңге несие төлемдерін кейінге шегере алады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті. Бұл тәртіп екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, соның ішінде ломбардтар және кредиттік серіктестіктерге қолданылады, – дейді «Атамекен» ҰКП.
Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімдерін қарарда олардың қаржы жағдайының нашарлауын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады. Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда берілген шегерімге сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады. Оған:
Несие төлемдерін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсетілген банк немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін өтінім беруі қажет.
Бұған дейін кәсіпкерлер объектілерін өз күшімен қалпына келтіре бастағанын хабарлаған едік.