×

Тоқаев тағы да әлеуметтік әділетсіздік туралы айтты

Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2022 | 17:21
Көрнекі фото

Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да әлеуметтік әділетсіздік туралы пікір білдірді.

Ол отандастарымыздың кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне, оған қоса байлықтарын шетелге асырып жатқанына наразы екенін айтты.

«Кейбір адамдар заңсыз жолмен байып, ақшаларын шетелге асырып жатыр. Сондықтан халықтың ашуын түсінуге болады. Осыған байланысты менің Жарлығыммен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды.

Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару. Бұл – өте қиын жұмыс, ол ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі, көптеген заңдық процедурадан өту керек. Бірақ, біз қалай болса да, бұл мәселемен мұқият айналысуымыз қажет. Әйтпесе, әділетті қоғам туралы сөз қозғаудың керегі жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама