ҚТЖ дәретхана қағазын сатып алуға 465 млн теңге артық төлеген
Бұл сомманы Әділет министрлігіне қарасты «Сот сараптамалары орталығы» растап отыр
«Қазақстан темір жолы» ҰК-ның соңғы төрт жылда дәретхана қағазын сатып алу кезіндегі бағаның асыра көтермеленуі 465 млн теңгеге құрады. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Тек 4 жылдың ішінде (2016, 2017, 2018, 2019 жылдары) «Қазақстан темір жолы» компаниясында қағаз өнімдерін сатып алу кезінде бағаның асыра көтермеленуі 465 615 188 теңгені құрды. Бұл сомманы Әділет министрлігіне қарасты «Сот сараптамалары орталығы» растап отыр. Өнім үнемі тек бір жеткізушіден ғана сатып алынған, ал ол болса тура сондай қағазды нарыққа әлдеқайда төмен бағамен сатылымға қойып жүрген», - дейді Смағұлов.
Оның сөзінше, ұлттық компания 6 877 492 екі қабат дәретхана қағазының бір орамасын 59 теңгеден алған. Бағаның асыра көтермеленуі 75 652 412 теңгені көрсетті. Сондай-ақ 2 804 548 үш қабат дәретхана қағаздарының орамалары 104 теңгеден, бағаның асыра көтермеленуі 120 595 564 теңгені, 3 363 951 екі қабат сүлгі орамалары 129 теңгеден сатып алу кезінде, бағаның асыра көтермеленуі 100 918 530 теңгені құрады.
Дәретхана қағазынан бөлек, компания 315 057 V-тәріздес қапталған сүлгінің әр данасын 593 теңгеден сатып алған. Қоғамдық ұйым өкілі дәл осы жағдайда бағаның асыра көтермеленуі 93 886 986 теңге болғанын айтады.
«27 332 унитазға арналған жеке VIP төсемелер 3 864 теңгеден алынған, бағаның асыра көтермеленуі 74 561 696 теңгені құрады. Қазіргі уақытта ҚТЖ қағазды сәл басқа жолмен сатып алуда, бірақ біз оны да таптық», - дейді.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Қазақсанда мемлекеттік мекемелер 507 287 303 теңге бюджет қаржысына дәретхана қағазын сатып алған болатын. Биыл жыл басынан бері Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар порталында мемлекеттік мекемелер 400 млн теңгеге жуық сомаға дәретхана қағазын сатып алуға тапсырыс берген.