Жоба бірнеше өңірде сәтті іске асырылып жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында бюджетті игеру кезінде «ақшаны бояу» тетігін енгізіп бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл тетік «Цифрлық теңге» платформасында іске асырылып, қаражатты жұмсау кезінде ашықтықты қамтамасыз етудің және жемқорлық тәуекелдерін азайтудың маңызды құралы болады деп күтіледі.
Бұл бюджеттік ақшаны бөлуден бастап толық игеруге дейінгі барлық кезеңдерде пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір теңге бірегей цифрлық белгіні алып, жымқыру мүмкіндігін болдырмайды және бюджетті ұтымды пайдалануға ықпал етеді, – делінген Антикор хабарламасында.
Бүгінде жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығы, автомобиль және теміржол құрылысы сияқты стратегиялық маңызды секторларда басталды.
Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға микрокнесиелер беру және техника шығындарын субсидиялау сынақтан өтіп жатыр.
Құрылыс саласында бұл тетік Атырау облысындағы құны 2,1 млрд теңге болатын «Мұқыр-Құлсары» автожол учаскесінің жобасында және Қарағанды облысындағы 160 млрд теңгеден астам қаржыға «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінде пайдаланылады.