Тағы басқа қолдау түрлері аталды
Биылғы 1 желтоқсанда 411 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылғы 1 желтоқсанда 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.