Алаяқтық азаймай тұр
Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары аса ірі көлемдегі алаяқтық ісіне күдіктіні қолға түсірді.
Оқиға 2016 жылдың сәуірінде басталған. 45 жастағы кәсіпкер полицияға арыз түсіріп, өзін таныс адамының алдап кеткенін жеткізді. Оның айтуынша, 59 жастағы азамат сеніміне кіріп, бірлескен кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы ұсыныс жасаған. Осы сылтаумен кәсіпкерден 12 миллион теңге көлемінде ірі соманы алып, кейін қайтармаған, – делінген ақпаратта.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алайда, ұрланған ақшаның сол уақытқа дейін жұмсалып кеткені анықталды. Сақшылар қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдерді жинап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция азаматтарды қаржылық мәселелерде мұқият болуға және күмәнді мәмілелерден сақтануға шақырады.