Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған
Екібастұз қаласының полициясына зейнеткер әжей хабарласып, көмек сұраған. Айтуынша, шотынан белгісіз адам шамамен 13 млн теңгесін ұрлаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зейнеткердің 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін аурухананың инсульт бөлімшесінде емделгені анықталды. Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған. Тергеуші олардың барлығынан жауап алған.
Нәтижесінде Kaspi.kz мобильді қосымшасына заңсыз кіру жолымен зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған жас әйел анықталды. Күдікті өз әрекетін мойындады. Айтуынша, ол ұрлық ашылып, оны табады деп ойламаған, - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – келу туралы міндеттеме тағайындалды.