Онымен бірге көлікте болған тағы 2 адамның да осы қылмысқа қатысы бар
Алматыда 37 жастағы жігіт өзін блогер ретінде таныcтырып, жәбірленушіден 700 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды Halyq Uni қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, блогер жәбірленушіні өзінің қатысуымен түсіріліген видеороликті әлеуметтік желіге жариялаймын деп бопсалаған. Қазір осы әрекетке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Кешкі уақытта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген арнайы операция барысында күдікті ақша алу кезінде ұсталды, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Ұсталғанның қасында көлікте тағы 2 адам болған. Полицияның мәліметінше, олардың да қылмысқа қатысы бар.
Олардың әрекетіне тергеу органдары құқықтық баға береді. Блогердің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.