Halyq Uni логотип
×

Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылдың шекті сомасы белгілі болды

Шекті сома өзгеріссіз қалды

 Халық үні 06.12.2024 | 09:42
Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылдың шекті сомасы белгілі болды
Фото: Halyq Uni

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» зейнетақы қаржысын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін белгіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Белгіленген ең төменгі жеткілікті шек мөлшері 2023 және 2024 жылдардың деңгейінде қалған. Ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бүгінде қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтың белгілі бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты  БЗЖҚ сайтынан білуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама