×

Павлодарлық шенеунік кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді

Орындалған құжатқа кедергісіз қол қойған 

фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі басқармасының басшысы кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменті.

«Ол кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алды деген күдікке ілінді», - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дамир Тәуекел.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі анықталады, соңғы шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.
Сондай-ақ ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайтынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама