Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдейді

Бұйрық жобасы қоғам талқысына ұсынылды

 Динара Амантай 03.12.2024 | 17:46
Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдейді
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы үш мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Құжатқа сәйкес адами факторды алып тастауды және осы қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылады. Осылайша, оларды ұсыну бойынша операциялық процестер 7 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Жаңа тәсілмен көрсетілетін қызметтердің қатарына «Қазақстанның Еңбек Epi» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; «Халық Қаһарманы» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; «Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» кіреді, – делінген министрлік хабарламасында.

«Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрықтың жобасы 18 желтоқсанға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама