Биыл 1 қазанда билет бағасы өскен болатын
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жолаушылар үшін пойыз билеті қымбаттамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды, (пойыз билетінің) бағасы қалыпты болады. Биыл 1 қазаннан бастап жолаушылар үшін пойыз билетінің бағасы өсті. Одан басқа алдағы уақытта қымбаттату жоспарланып отырған жоқ, – деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Бұған дейін 1 қазаннан бастап пойыз билетінің бағасы өскені жайлы жазған едік.