Алматының үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды

Халық үні

Қоғамдық талқылау 28 қарашаға дейін жалғасады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының алдағы үш жылға арналған үш жылдық бюджеті талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы мәслихаты «Ашық НҚА» сайтында 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту туралы шешімнің жобасын жариялады. Қоғамдық талқылау 28 қарашаға дейін жалғасады.

Жобаға сәйкес, кірістер – 1 518 992 491,5 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер – 1 383 649 508,6 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 19 012 382,9 мың теңге.

Ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 982 884 мың теңге, трансферттер түсімдері – 107 347 716 мың теңге.

Шығындар – 1 674 161 511,5 мың теңге;

Таза бюджеттік кредиттеу – 23 809 275,1 мың теңге.

Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 19 735 991 мың теңге сомасында бекітілсін. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 47 520 326 мың теңге сомасында бекітілсін, - делінген құжатта.