Астанада 6 мыңнан аса адам заңсыз салынған үйге ақша салған

Халық үні

Үлескерлерден заңсыз жинаған қаражатқа салынып жатқан Qurmangazy тұрғын үй кешені қиратылады

фото: Halyq Uni

Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй кешендерін заңсыз салуға қатысты 16 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл ретте 6 мыңнан аса адам заңсыз құрылыс жүргізушілердің мүлкіне ақша құйған болып шықты.

Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден астам аяқталмаған құрылыс нысандарын өндіру туралы 8 талап арызын қанағаттандырды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ведомство.

Прокуратура рұқсат құжаттары болмаса да үлескерлерден қаражатты заңсыз жинаған Qurmangazy тұрғын үй кешенін қиратуға рұқсат алған.

Айта кетсек, құқық белгілейтін құжаттардың бар-жоғын және үлескерлерден аяқталған және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қаражат тартуға рұқсатты мына сілтеме бойынша тексеруге болады.