Астанада 6 мыңнан аса адам заңсыз салынған үйге ақша салған
Үлескерлерден заңсыз жинаған қаражатқа салынып жатқан Qurmangazy тұрғын үй кешені қиратылады
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй кешендерін заңсыз салуға қатысты 16 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл ретте 6 мыңнан аса адам заңсыз құрылыс жүргізушілердің мүлкіне ақша құйған болып шықты.
Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден астам аяқталмаған құрылыс нысандарын өндіру туралы 8 талап арызын қанағаттандырды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ведомство.
Прокуратура рұқсат құжаттары болмаса да үлескерлерден қаражатты заңсыз жинаған Qurmangazy тұрғын үй кешенін қиратуға рұқсат алған.
Айта кетсек, құқық белгілейтін құжаттардың бар-жоғын және үлескерлерден аяқталған және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қаражат тартуға рұқсатты мына сілтеме бойынша тексеруге болады.