Әкімнің айтуынша, қаладағы орташа жалақы 304 мың теңгеге жетті
Шымкентте жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге 10 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Әкім Шымкенттің жалақысы төмен өңірлер қатарына жататынын мойындады.
Өңір халқының жалақысын арттыру үшін жүйелі шара қабылдап, жұмыс істеп жатырмыз. Еңбекақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкердің жалақысын қосымша 50 мың теңгеге көтердік. Ол үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджет қызметкерінің жалақысы 140 мың теңгеден асты. Қазір қаладағы орташа жалақы 12,5%-ға өсіп, 304 мың теңгеге жетті, - деді Ғабит Сыздықбеков брифингте.