Halyq Uni логотип
×

Келесі жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

Үкімет тиісті Қаулыны әзірледі

 Динара Амантай 21.11.2024 | 11:50
Келесі жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мөлшері артады
Фото: Halyq Uni

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi артады, деп хабарлайды Halyq Uni.

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5 пайызға арттыру жүргізілсін, – делінген Үкімет Қаулысында.

Құжат 2025 жылы 1 қаңтардан бастап нақты қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама