Halyq Uni логотип
×

2025 жылы кімдер декларация тапсыруға міндетті?

Тізімде жеке кәсіпкерлер де бар

 Дәурен Ерболат 20.11.2024 | 17:07
2025 жылы кімдер декларация тапсыруға міндетті?
Фото: Halyq Uni

Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны тапсыруға кімдер міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік секторлардың басшылары мен олардың жұбайлары, 20 мың АЕК (73 млн 840 мың теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мүлкі бар адамдар, шетелде мүлкі барлар мен шетелдегі банкте қаржысы бар қазақстандықтар тапсырады. Мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері декларация тапсырмайды. Жалпы декларацияны ерікті түрде кез келген адам тапсыра алады, - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлер декларацияны жыл сайын тапсыруға міндетті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер дүние мүлкін басқаның атына жаза алмайтынын еске салды.

Енді олар тусқандарының (атына дүние-мүлкін) жаза алмайды. Егер тіркейтін болса, туысқаны бізге оны көрсетуі керек. Қай көзден мүлік сатып алғаны (туралы ақпарат) болуға тиіс, - деді министр.

Бұған дейін 2025 жылы қарапайым қазақстандықтар декларация тапсырмайтыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама