«Жасыл Аймақ» жұмысшыларға 144 млн теңге жалақы төлемеген
600 жұмыскер еңбекақысын ала алмай жүрген
Елордада жұмысшыларға 144 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмыскерінің жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқығының бұзылғанын анықтады, деп мәлімдеді жергілікті прокуратура.
Биылғы жылдың қыркүйегіндегі қарыз 144 млн теңгеден астам соманы құраған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық көлемде өтелді, – деп қосты ведомство.
Жол берілген заңбұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.