Биыл жәрдемақы көлемі артты
2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 390 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 575,8 мың отбасы жалпы сомасы 389,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде қазанда 570 мың отбасына 41 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, – деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға артты.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.