×

Бюджет қаражатын игермеген 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Елорданың Құрылыс басқармасы бөлінген қаржының 53,8 пайызын игермеген

 Динара Амантай 15.06.2022 | 11:20
Фото: Halyq Uni

15 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың кезекті отырысында 2021 жылғы қалалық бюджеттің игерілу мәселесі көтерілді. Жиын барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын уақытылы игермеген мемлекеттік мекемелердің тізімі жарияланды.

Өткен жылы қалалық бюджетке 720 млрд 378 млн теңге қаржы түсті. Осылайша жоспар 43 млрд 156 млн теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде жеке табыс 496 млрд 264 млн теңгені құрады. Сонымен қатар 2021 жылы салықтан 455 млрд 273 млн теңге қаржы түсті. Бюджет шығысына келсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша 699 млрд 900 млн теңгені құрады, – деді Нұр-Сұлтан қаласы қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев.

Оның айтуынша, өткен жылы елорда бюджетін игеру көрсеткіші 97,2 пайызды құрады.

Бюджет қаржысын уақытылы игермеген органдарға келсек. Өткен жылы құрылыс басқармасы қаржының 53,8 пайызын игермеген, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы - 38,4 пайыз, білім басқармасы - 1,5 пайыз, полициия департаменті - 1,4 пайыз, сол сияқты дене шынықтыру және спорт басқармасы - 1,2 пайызға қаржыны меңгермей отыр, – деп мәлімдеді баяндамашы.

Бұған қоса 2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты уақытылы игерілмегені үшін 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама