Қазанда бұл көлем сәл жоғары болған еді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 118,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылды.
«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 млн 421 мың адам. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге», – деп қосты ведомство.