Қай өңірде қымбаттағаны белгілі болды
Қазан айында инфляция Қазақстанның 8 өңірінде жеделдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық банк мәліметінше, қазанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,5%-ды құрады (қыркүйекте – 8,3%). Жылдық инфляцияның 10 өңірде баяулағаны, 8 өңірде жеделдеп, 2-де өзгеріссіз қалғаны байқалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Астанада және Маңғыстау облысында тіркелді.
Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға дейін баяулады (қыркүйекте – 5,1%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (7,4%) айтарлықтай жоғары, ал Түркістан облысында (2,7%) мейілінше төмен өсті, – деп қосты ведомство.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,8%-ға дейін жеделдеді (қыркүйекте – 7,6%). Ең жоғарғы мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (5,0%) тіркелді.
Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,3%-ға дейін жеделдеді (қыркүйекте – 13,6%). Сонымен қатар, Павлодар облысында баға (18,1%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Алматы облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.
Қазанда ел бойынша айлық инфляция 0,9% болды. Бұл бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы қазанда 0,7%).