Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жоқ брендтік заттарды сатқан алаяқтар қамауға алынды

Олар осылайша пайдаға кенелген

 Қымбат Елтайқызы 13.11.2024 | 13:39
Шымкентте жоқ брендтік заттарды сатқан алаяқтар қамауға алынды
фото: polisia.kz

Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды бір миллион теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын құрықтады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім әрі сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп отырған.

Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. Қазір бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ақпаратта.

Күдіктілер қамауға алынды. «Киберпол» бөлімі онлайн-алаяқтар әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екенін айтты.

«Онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз, бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз, ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз», – деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама